Құрманғазы Есқазиев қызметінен кетті

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев денсаулығына байланысты қызметінен босатылды.  Бұл туралы Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы хабарлайды.

Ол бұл лауазымды 2024 жылдың мамырынан бері атқарып келген. Қызметінен 2026 жылғы 9 қарашада кеткен. Еңбек жолын 1985 жылы «Ембімұнай» мекемесінде бастаған Есқазиев мұнай-газ саласында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары «Ембімұнайгаз», «ҚазМұнайГаз — барлау және өндіру» компанияларын және Kalamkas-Khazar Operating мекемесін басқарды.

2022 жылы «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарса, 2024 жылы компания басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика