Күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры кезінде, кірістер декларациясына бұрмаланған деректерді енгізу арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталған.
Аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарған күдіктіні Бас прокуратура Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Аталған қылмысты жасағаннан кейін ол қылмыстық қудалау органынан жасырынған. Оған халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылғы қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды,-делінген дереккөз берген ақпаратта.
Оған тағылған қылмыс үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
