Ақтамберді жыраудың мерейтойына деп еліміздің және көрші Қырғызстаннан атбегілер арнайы баптап келген сәйгүліктерін бәйгеге қосты.

Ат жарысы. Жарыс төрт санат бойынша ұйымдастырылды. Топ бәйгеге (15 шақырым) 30 ат қатыстырылды: I орын – «Абырой», иесі – Дидар Мақажанов, шабандозы – Ерсұлтан Жарқын, бапкері – Дидар Мақажанов (Алматы облысы, Ақтерек ауылы) – Чанган автокөлігі; II орын – «Ұлытау», иесі – Нұрлан Сатыбалдиев, шабандозы – Нұржігіт Раззақ, бапкері – Ерлан Тұрсынәлі (Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы); III орын – «Желсұлу», иесі – Нұрсейіт Жылқышыбай, шабандозы – көрсетілмеген, бапкері – Секенай Бөбекбай (Алматы облысы); IV орын – «Байтас», иесі – Болатхан Қасенов, шабандозы – Рамазан Сәбитжан, бапкері – Нұржан Қасенов (Абай облысы, Аягөз ауданы, Ақши ауылы); V орын – «Қалқаман», иесі – Нұрлан Ғазезов, шабандозы – Төрехан Сұлтан, бапкері – Жарқын Бакраев (Абай облысы, Ақсуат ауданы).

«Аягөз арғымағы» бәйгесі, оған 35 ат қатыстырылды: I орын – «Шұғыла», иесі – Айбек Төреғазин, шабандозы – Әли Рахман, бапкері – Айтөре Сайлау (Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы) – Чанган автокөлігі; II орын – «Баққасқа», иесі – Асылжан Жанахмет, шабандозы – Арсен Рымғазин, бапкері – Асылжан Жанахмет (Аягөз ауданы Ақтоғай кенті); III орын – «Сарыарқа», иесі – Қанат Жетпісов, шабандозы – Саян Батырхан, бапкері – Бексұлтан Тұрсағатов (Аягөз ауданы Сарыарқа ауылы); IV орын – «Қаратал», иесі – Совет Момышев, шабандозы – Дияр Серік, бапкері – Шыңғыс Момышев (Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы); V орын – «Аңсаған», иесі – Совет Момышев, шабандозы – Нұрлыбек Ануарбек, бапкері – Шыңғыс Момышев (Аягөз ауданы Тарбағатай ауылы); VI орын – «Тастүлек», иесі – Талғат Мұхаметқалиев, шабандозы – Раззақ Нұржігіт, бапкері – Еркебұлан Советқазы (Аягөз қаласы); VII орын – «Тұмар», иесі – Бақтыбек Жампозбаев, шабандозы – Бақытжан Серікбай, бапкері – Ардақ Жақыпов (Аягөз ауданы Мәдениет ауылы).

Жорға жарысына (8 шақырым) 25 сәйгүлік қатыстырылды: I орын – «Императрица», иесі – Өмірбек Бабанов, шабандозы – Асқарбек Жеңішов, бапкері – Чубак Жайлобек уулу (Қырғыз Республикасы) – Чанган автокөлігі; II орын – «Восход Лок», иесі – Саламат Бообеков, шабандозы – Ербол Кыштообаев, бапкері – Мирзат Шугуралиев (Қырғыз Республикасы); III орын – «Гарай», иесі – Аңсар Өмірбек, шабандозы – Арман Урматбек, бапкері – Мақсат Муслимұлы (Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы); IV орын – «Жұлдыз», иесі – Берік Юсупов, шабандозы – Юрий Лымарь, бапкері – Мұхтар Нұрбеков (Семей қаласы); V орын – «Мулан», иесі – Нарынбек Абласов, шабандозы – Элдияр Эдилбек уулу, бапкері – Мирзат Шугуралиев (Қырғыз Республикасы).

Аламан бәйгеге 33 ат қатысып, өз бағы мен бабын сынап көрді: I орын – «Айман», иесі – Жасыбай Нұғыманов, шабандозы – Нұрасыл Бекбатыр, бапкері – Жомарт Рахымбердиев (Павлодар облысы Баянауыл ауданы) — Танк-300 автокөлігі; II орын – «Айтолқын», иесі – Айсұлтан Нұрберген, шабандозы – Нұрислам Сайлау, бапкері – Мақсат Мұраханбаев (Жамбыл облысы Қордай ауданы); III орын – «Сармат», иесі – Сапарғали Сәтбаев, шабандозы – Мерей Гарифуллин, бапкері – Жамбыл Бөбекпай (Алматы облысы Балқаш ауданы); IV орын – «Таужирен», иесі – Еркін Садықбеков, шабандозы – Мұхаммед Таңжарық, бапкері – Абдрахман Күлгінбаев (Жетісу облысы Кербұлақ ауданы); V орын – «Қозықоңыр», иесі – Шалқар Сарқытбаев, шабандозы – Аслан Асылбекұлы, бапкері – Жалғас Шалқарұлы (Абай облысы Үржар ауданы).

Мерейтойдың кеші жарыс жеңімпаздарын марапаттаумен жалғасты. Оған елімізге белгілі Нұртай Сабилянов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері, Тоқтар Серіков сынды өнер майталмандары қатысты.

Ал, мерекелік шарада аягөздік «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» мәдениет үйінің және облыстық мәдениет пен өнердің өкілдерімен қатар, есімдері күллі қазақ еліне танымал әншілер Толқын Забирова, Қуандық Рахым, Әбдіжаппар Әлқожа және т.б. ел сүйсіне тыңдайтын әндерін арнаса, кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Сонымен Аягөз өңірінде екі күнге созылған Ақтамберді Сарыұлының 350 жылдығына арналған мерейтой жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды іс-шараларымен есте қалды.

Мерейтойдың басты ерекшелігі – батыр һәм жырау Ақтамберді Сарыұлының тарихи мұрасын дәріптеумен қатар, елді бірлікке шақыра отырып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіруге бағытталуы болды. Әсіресе, ұлттық спорт түрлеріне жүздеген спортшының қатысуы мен ат бәйгесіне Қазақстанның бірнеше облысынан, сондай-ақ Қырғыз Республикасынан жүйрік аттардың келуі мерекенің ауқымын айқындай түсті.

Екі күндік мерейтой Ақтамберді бабаның рухына көрсетілген тағзым ғана емес, қазақтың бай рухани мұрасы мен салт-дәстүрін, ұлттық өнері мен спортын ұлықтаған тағылымды мереке ретінде көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл игі бастама өңірдің мәдени өмірін жандандырып қана қоймай, ел бірлігі мен ұлттық болмысты нығайтуға қызмет ететін маңызды рухани оқиға ретінде өз бағасын алды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, осындай ауқымды да жауапты шараны шашау шығармай, жұртты ұйыстыра білген Аягөз ауданының әкімі міндетін атқарушы Айбек Серікболұлы Нұғымаровқа аудан жұртшылығы өз ризашылығын білдіруде.

Айтпақшы, Ақтамберді Сарыұлына арналған шара мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы күндері Аягөздің төрінен биіктігі 5 метрден асатын қоладан құйылған алып ескерткішінің салтанатты ашылуы болады деп күтілуде.

Дәурен Мақсұтханұлы, «Фотоөнер» ҚБ вице-президенті,

фотожурналист, Алматы-Аягөз-Алматы 

Суреттерді түсірген автор