«Қайрат» командасы чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне өтті

Футболдан ел чемпионы «Қайрат» командасы бұл жетістікке Черногорияның «Сутьеска» командасын екі рет жеңген соң қол жеткізіп отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Никшичтегі жауап ойыны 2:0 есебімен алматылықтардың жеңісімен аяқталды.

Ойын барысында Исмаил Бекболат 68-минутта үй иелерінің қақпашысы және капитаны Владан Гильеннің қателігін пайдаланып, алғашқы голды соқты. Арада он минут өткенде Черногория құрамасы қорғаушы Андрия Разнатович алаңнан қуылғаннан кейін он адаммен қалды, ал 82-минутта Жоржиньо пенальтиді сенімді түрде дәлдеп, ойынды аяқтады.

Бұған дейін Алматыдағы бірінші ойын  2:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына аяқталған болатын. Осылайша қазақстандық клуб жалпы есепте 4:1 есебімен айтарлықтай басымдыққа ие болды.

Келесі іріктеу кезеңінде алматылық команда Кипрдің «Омониясымен» кездеседі. Бірінші ойын 22 шілдеде Никосияда, ал жауап ойыны 29 шілдеде Алматыда өтеді.

Өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды. Бұл жетістікті қайталау үшін команда тағы үш іріктеу кезеңінен өтуі керек.

Фото: instagram.com/f.c.kairat

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика