Шығыстағы Сарыбұлақ дауы: 1 миллиард доллар инвестиция желге ұшты ма?

Шығыс Қазақстан облысындағы Сарыбұлақ кен орнына салынған инвестицияға қатысты іс Қытай мен Қазақстан азаматтарының арасында үлкен дау туғызып отыр,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

«Сарыбұлақ» кен орнына қатысты негізгі дау Шығыс Қазақстандағы газ шығатын аймақтан мұнай өндіруге және шетелдік инвесторлардың 20 миллион долларға жуық қаржысынан айырылуына байланысты туындады.

Жәбірленуші жақтың айтуынша, жалған құжат, жоқ мұнайды жарнамалау салдарынан, Қазақстан 1 млрд доллардың инвестициясынан айырылып отыр дейді.

Қытай  Халық Республикасының азаматы, Asia Power Development (Hong Kong) Limited компаниясының өкілі Чжан Вэйдун  Қазақстан тарапынан шақырту алып, 2023 жылдан мұнай барлау ісі бойынша инвестиция салмақ болып Қазақстанға келеді. Сол жылы  «Тарбағатай Мұнай» ЖШС мен бірлесе келісімге келіп, мұнай барлау ісін бастап та кетті. Алайда Чжан Вэйдунің айтуынша «Тарбағатай Мұнай» ЖШС  (ТБМ) лауазымды тұлғалары  өздерін жаңылыстырып, қолданыстағы барлау лицензиясы бар екеніне сендіргенін, осының нәтжесінде 20 млн АҚШ долларын желге ұшып, әділдікке жете алмай келе жатқанын айтады.

Оның айтуынша, мұнай барлау бірлескен жобасын іске асыру туралы 2023 жылдың  9 наурызында екі ортада  келісім жасалып,  Қытай тарапы жобаға қомақты инвестиция салмақшы болған. Алайда құжаттарға зер салмай, қой қойып,  Asia Power Development (Hong Kong) Limited компания өкілдері Қазақстандық тараптың дәл осы барлау ісіндегі уақыттың тым шектеулі екендігін білмей сан соғып қалдық деп отыр.

Екі жақ 2023 жылы 9 наурызда  екі тарап бірлесе жұмыс істеуге кедлісіп құжаттарға қол қойған. Алайда «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-нің 2023 жылдың 5 наурыз күні ҚР Энергетика министрлігінің берген барлау ісі лицензиясының уақыты аяқталған. Яғни лицензияның уақыты өтіп кеткеніне төрт күн өткен соң келісімге отырғанын артынан бірақ білген.

Жәбірленуші тараптың заңды өкілі Айдар Құманғазыұлы:

Біздің қолымыздағы құжаттарға сәйкес, «Тарбагатай Мунай» ЖШС шетелдік инвесторларға Сарыбұлақ кен орны бойынша 4200 метр тереңдікке дейінгі және 8 326,9 шаршы шақырым аумақты қамтитын жер қойнауын пайдалану құқығы 2027 жылға дейін жарамды деген ақпарат берген. Осы мәліметтердің негізінде 2023 жылғы 9 наурызда шетелдік инвестормен бірлескен барлау және игеру жөніндегі операторлық келісім жасалған.

Алайда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2026 жылғы 16 наурыздағы ресми жауабына сәйкес, №84 келісімшарт бойынша барлау кезеңі 2023 жылғы 5 наурызда аяқталған. Яғни операторлық келісім жасалған кезде барлау кезеңінің мерзімі өтіп кеткен.

Сонымен қатар жаңа құқықтық режим тек 2024 жылғы 15 наурызда енгізілген. Ол бастапқы лицензияны бойынша барлауды жалғастыра алмайды  мүлде басқа шарттармен берілген. Атап айтқанда, жаңа құқық тек өндіру және дайындық кезеңіне қатысты, аумағы небәрі 95,5 шаршы шақырымды, ал рұқсат етілген тереңдігі 2546,4 метрді ғана құрайтын болған. Нәтижесінде инвесторлар алданып опық жеп қалдық деп отыр. Қазылған ұңғымадан ешнәрсе шықпағандықтан, Қазақстанға текке келгендей болдық деп отыр.

Ұсынылған құжаттарға сәйкес, жобаға салынған инвестициялар мен жұмсалған шығындардың  материалдық залал көлемі жалпы 20 миллион АҚШ долларынан асады деп көрсетті жәбірленуші тарап заңгері.

Олардың мәлімдеуінше, құқық қорғау органдары бұл дауға азаматтық-құқықтық сипаттағы мәселе ретінде қарап, қылмыстық-құқықтық баға беруден бас тартқан.

Чжан Вэйдуннің Қазақстандағы заңды өкілі Айдар Құрманғазыұлы бұл жауаппен келіспейді, және ҚР энергетика министірлігіне арыз қалдырған. Алайда, Энергетика министрлігі азаматтың сауалына жауап беріп, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС бойынша операторлық келісімдер Қазақстанның «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодексінің талаптарына сәйкес рәсімделгенін хабарлаған. Министрліктің мәліметінше, компания операторды тағайындау туралы тиісті хабарламаны және қажетті құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынғандығын айтқан.  Сонымен қатар, ведомство оператор мен жер қойнауын пайдаланушы арасындағы қатынастар өзара жасалған келісіммен реттелетінін атап өткен.

Бүгін біз Алматы қаласының прокуратурасына және Алматы қаласының Полиция департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ресми арыз жолдап отырмыз. Біздің мақсатымыз – барлық мән-жайды жан-жақты, толық әрі объективті тергеп-тексеру.

Бұл іс тек жекелеген компаниялардың арасындағы дау емес. Әңгіме ондаған миллион АҚШ доллары көлеміндегі инвестициялар туралы болып отыр. Мұндай жағдайлар Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына және халықаралық беделіне теріс әсер етуі мүмкін.

Сондықтан біз құзыретті мемлекеттік органдардан осы іске жан-жақты, объективті және заң талаптарына сәйкес құқықтық баға беруді сұраймыз,-дейді инвестордың заңды өкілі Айдар Құрманғазыұлы.

Ол бұл мәселені құқық қорғау органдары жан-жақты тексеруі тиіс деп есептейді.

Қазіргі уақытта өтініштер Алматы қаласының прокуратурасы мен полиция департаментіне жолданғаны айтылып отыр. Тараптар ресми органдардың тексеру нәтижелерін күтетінін және сол қорытындыға сәйкес келесі құқықтық қадамдар жасалатынын мәлімдеді.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика