Әйгілі Роналду мен оның командасы үшін әлем чемпионаты аяқталды

Футболдан әлем чемпионатының кезекті кездесуінде Испания командасы Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалына шықты,-деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Испаниялықтар тағдыршешті жалғыз голды қосымша уақытта соқты. Гол авторы «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Микель Мерино.

Жеңіс голы 90+1 минутта соғылды.  Осылайша ойын аяғына таман алаңға шыққан Микель Мерино Испанияның әлемдік доп додасында ширек финалға шығуына тікелей себепкер болды.

алдағы ширек финалда Испания АҚШ пен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ойын 11 шілде түні өтеді.

Бұл әлем чемпионаты португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты. 41 жастағы шабуылшы 27 рет түрлі чемпионат пен біріншіліктерге қатысып, 11 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Испанияға қарсы матч қарсаңында Роналдудың өзі бұл турнир оның соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика