Алдын-ала мәлімет бойынша, қарағандылық жігіт эндуро санатындағы мотокөлікпен қала көшелерінде жылдамдық тәртібін бірнеше рет бұзған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық — сараптамалық порталы..
18 жастағы тұрғын мотокөлікпен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай қашқан әрекетін әлеуметтік желілерде жариялаған.
Ол полиция қызметкерлерінің тоқтау туралы заңды талабын елемей, бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге жүргізушілердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оған қатысты: бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту; Ішкі істер органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау; көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқару; жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
