Бізге қатысы жоқ адам: Муфтият әйелін шәкіртіне сыйлаған діндарға қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Екінші әйелімді шәкіртіме сыйладым»,-деп сұхбат берген  Құрбанәлі Ахметке қатысты мәліметтерге өз ұстанымдарын білдірді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Муфтияттың жазуынша Құрбанәлі Ахмет деген азаматтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылымында қызмет етпейді. Діни басқармамен ешқандай қызметтік немесе ресми байланысы жоқ.

Осыған байланысты оның тарапынан айтылған пікірлер, жеке көзқарастар мен мәлімдемелер ҚМДБ-ның ресми ұстанымы болып табылмайтындығын хабарлаймыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дінге қатысты мәселелерде тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады. Қоғам арасында түрлі түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу – баршамызға ортақ жауапкершілік,-деп мәлімдеді ҚМДБ.

Сонымен қатар, ҚМДБ еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау, қоғам бірлігін нығайту және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра беретінін атап өтті.

Айта кетейік, өзін Қазақстандағы Нақшбанди жамағатының піріміін деп таныстырып жүрген Құрбанәлі Ахмет жақында журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында өзінің екінші әйелін «жақсы көретін шәкіртіме сыйлап жібердім»- деп сұхбат берген  болатын.  Діндардың бұл пікірі қоғамда үлкен талқылау тудырды. Артынша Алматы полициясы оның өзі сөзі үшін жауапқа тартылып, айыппұл арқалағанын хабарлаған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика