Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері заманауи әрі жайлы Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады,деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Астана халықаралық әуежайы таратқан ақпаратқа сай Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін Centrum Air авиакомпаниясы орындайтын болады.
Аталған бағыттың ашылуы жазғы әуе қатынасы кестесі аясында 2026 жылғы 29 наурызға жоспарланған. Рейстер аптасына үш рет — дүйсенбі, жұма және жексенбі күндері заманауи әрі жайлы Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады. Ұшу уақыты шамамен 2 сағат. Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтіп, іскерлік, туристік және отбасылық сапарлар үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. ,-делінген дереккөз берген мәліметте.
Барып-қайту әуе билеттерінің ең төменгі бағасы жол жүгінсіз шамамен 85 мың теңгеден басталады.
Фото: Ашық дереккөзден
