Батыс Қазақстан облысында тағы бір пилотсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мой город сайтының хабарлауынша, тергеу оқиғаға қатысты полиция тергеуді бастаған.
Батыс Қазақстан облысындағы маңында дронның құлауы туралы фотосуреттер мен ақпарат хабарлама қосымшаларында тарады. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Департаменттің мәліметінше, Ақжайық ауданында пилотсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды, — делінген дереккөзде.
Жергілікті полицияның айтуынша нысан ауылдың сыртына құлаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Айта кетейік, бұл Батыс Қазақстан облысындағы алғашқы дрон апаты емес.
«Дегенмен, бүгінгі күнге дейін ҚР Қорғаныс министрлігі алғашқы құлаған дронға қатысты тергеу нәтижелері туралы хабарлаған жоқ.
