Қайғылы оқиға қаладағы 22-ші шағын ауданда болған,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы жергілікті Lada.kz сайты жазды.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға кеше түстен шағын аудандағы бес қабатты №6 тұрғын үйде болған. Құлаған бойжеткен екінші қабаттағы терезенің үстіндегі металл шатырға соғылып барып, жерге құлаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жәбірленуші аман қалған.
Облыстық полиция департаменті 1993 жылы туған қыздың секіргенін растады. Олар сондай-ақ оның ауруханаға жеткізілгенін айтты.
Жергілікті денсаулық сақтау мамандары қыз баланың қазіргі денсаулығына қатысты әзірге ешқандай ақпарат берген жоқ.
