Мемлекеттік кірістер комитетінің берген мәліметінше БАӘ-де отандастарымызға тиесілі 217 жылжымайтын мүлік бар,- деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл жөнінде комитет BES.media редакциясының сауалына берген жауабында жазған.
2025 жылға арналған активтер мен міндеттемелер декларациясында (СЕФ 250.00) декларанттар БАӘ-де орналасқан 168 мүлкін жариялады. 2024 жылдың табыс пен мүлік декларациясында (СЕФ 270.00) декларанттар БАӘ-де орналасқан 49 мүлікті жариялаған. Осылайша, 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша БАӘ-де 217 мүлік жарияланды, – делінген комитеттің жауабында.
Сонымен қатар, Мемлекеттік кіріс комитеті өз жауабында аталған нысандарға ешқандай жеке тексеріс жүргізілмегенін айтқан.
