Жолда қалып қойған 17 адам құтқарылды

Елордалық 112 пультіне Астана — Қарағанды тас жолында ауа райының қолайсыздығынан көліктер соқтығысып адамдарға көмек қажет екені туралы хабарлама келіп түскен, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

ТЖД бөлімшелері оқиға орнына жеткенде Астана-Қарағанды тас жолында бірнеше көліктің соқтығысқанын және адамдардың ауа райының қолайсыз жағдайында қалып қойғаны анықтады.

Құтқару операциясы барысында Жалтыркөл ауылының маңында қалған адамдар өтімділігі жоғары техникамен эвакуацияланды. Нәтижесінде 17 адам аман-есен Астанаға жеткізілді, делінген дереккөз берген ақпаратта.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика