Қостанай облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығындағы сауда орталықтарының бірінде терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген кәмелетке толмаған құқық бұзушыны анықтаған, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Істі қарау нәтижесінде Қостанай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен құқық бұзушыға бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекет екенін ескертеді.
