Бұл туралы ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігінің Бас редакторы болған Әмір Қасеновтың жұбайы Айгүл Қасенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алматы соты менің күйеуім Әмір Қасеновты үй қамақта ұстау мерзімін үш айға ұзартты. Бұл оның біздің ұлттық жаңа жылымыз — Наурызды үйде өткізетінін білдіреді. Дегенмен, тергеушінің үй қамақ мерзімін ұзарту туралы өтінішінде күйеуімнің жасырынуы, тергеуге кедергі келтіруі немесе заңсыз әрекетке баруы мүмкін екендігі туралы ешқандай дәлел келтірілмеген. Ұзарту туралы соттың келтірген себептері мүлде басқаша. Атап айтқанда тергеушілер Әмір Қасеновтың қатысуынсыз жүргізе алатын бірқатар процессуалдық әрекеттер. Сот адвокат Сәлімжан Мусин көрсеткен, оның үй қамауын ұзарту туралы өтінішке қатысты көптеген бұзушылықтарды ескермеді. Сондықтан, соттың күйеуіме қатысты үй қамақ мерзімін ұзарту туралы шешімінде қандай себептерді басшылыққа алғаны бізге белгісіз,- деп жазды А. Қасенова.
Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасеновқа қатысты Freedoom банкінің құқық қорғау органдарына редакция үстінен түсірген шағымы негізінде іс қозғалған болатын.
