10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, — деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
