ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2026 жылғы қаңтардағы қылмыстық құқық бұзушылық сатистикасын жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Комитет берген дерек бойынша соңғы бір айдың ішінде елімізде 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде 110 сыбайлас жемқорлықтың үлесінде.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
Анықтау нәтидесінен кейін 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121 сотқа жіберілді, — делінген дереккөз берген ақпаратта.
Анықталған залал сомасының көлемі (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 18 млрд теңге. Бюджетке 100 млн теңгеден астамы қайтарылды.
