Қазақстандық спортшы Александра Скороходова тау шаңғысынан Италияның Поцце-ди-Фассе қаласында өткен FIS аясындағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Сүйінші хабарды Ұлттық олимпида комитетінің баспасөз қызметі жариялады.
Отандасымыз әйелдер арасында слалом сайысында алтын медаль жеңіп алды. Скороходова 01:39.67 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Испаниялық Джун Гаритано Итурбе екінші орынды иеленсе, үздік үштікті АҚШ өкілі Эмма Гуггенхаймер түйіндеді, делінген дереккөз берген ақпаратта.
