Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемлекет басшысы мен Америка Президенті арасындағы қысқаша әңгіме не туралы болғандығы қоғамда үлкен қызығушылық тудырды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Осыған қатысты Президенттің көмекшісі-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай түсініктеме берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» деп аталатын ресми құжаттың 177-тармағында Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылғаны жетістік ретінде көрсетілгеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Президент Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясатты жүзеге асыруда табыс тіледі, — деді Тоқаевтың баспасөз хатшысы.
Сонымен қатар ол, Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтқанын жеткізді.
