Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Белгілі блогер  Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланын мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде.
👨‍⚖️

Ұсталған жағдайда оған  «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.
Ол әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен, -делінген ҚМА ресми өкілі Ернар тайжан берген мәліметте.

Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.
🔨

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Фото: Блогердің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика