Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелері туралы есепті жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде.
2025 жылы 895 адамның заңсыз әрекетінің жолын кесті.
1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданды.
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды,- делінген дереккөз берген ақпаратта.
Соынмен қатар, Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілген.
Фото: дереккөзден
