Алматыда ірі қойма отқа оранды

Оқиға Алматыдағы Солтүстік айналым тас жолында орналасқан қоймалардың бірінде болған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің берген мәліметінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Тілсіз жау шарпыған аймаққа алғашқы  өрт сөндіру жасақтары келген кезде қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған.

Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеді. Өрт сөндіру оқпандары берілді, автоцистерналар өрт сөндіру гидранттарына шұғыл іске қосылды.

Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды, өртті сөндіруге 85 адам жеке құрам мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. Оған қоса 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге ТЖМ автопоезы да қосылды.

Тілісіз жау өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел іс-қимылдарының арқасында  2 сағаттан аса уақытта ауыздықталды. Жалын жалпы аумағы 1900 шаршы метр жерді шарпыған.

Соңғы жазбалар

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика