Президенттің өкімімен Қорғаныс министрлігінің басшысы Дәурен Қосановқа жаңа орынбасар тағайындалды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ақорда берген ақпаратқа сәйкес, бұл жауапты қызметке Асқар Мұстабеков таңдалған.
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, делінген дереккөзде.
