Қаулыда айтылғандай бұндай қадам елдегі Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы Презденттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін, делінген Президент жарлығында.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
