Президент тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау жөніндегі заңға қол қойды

Мемлекет басшысы екі бірдей жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Президент қол қойған екінші заң көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіруді қамтиды.

Мемлекет басшысы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,.-делінген ақпаратта. 

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика