Атыраудағы ең ірі базардан өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, тілсіз жау орталықта орналасқан «Дина» сауда орнындағы 500 шаршы метр ауқымды қамтыған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

«Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында базарлардың бірінде бутиктердің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бригадалары келген кезде контейнер типті бутиктердің жанып жатқанын және көршілес бутиктерге таралу қаупі бар екенін анықтады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді күш-жігерінің арқасында көршілес бутиктерге таралуына жол бермей, 500 шаршы метр аумақты қамтыған тілсіз жауды қысқа мерзімде сөндірілді», — делінген ведомство берген ақпаратта. 

Оқиға орнында жедел әрекет ету орталығы және төрт өрт сөндіру бекеті құрылды.

Төтеншеліктер құрбан болғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатқандығын айтты.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика