Қазақстанның тұңғыш президенті, бұл күнде зейнеткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Екеуара кездесу Мәскеудегі Кремльде өткен. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі жазды. Алайда бұл күнде зейнет жасындағы тұңғыш президенттің Мәскеуге қандай мақсатпен барғандығы туралы ешқандай ресми ақпарат айтылған жоқ.
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті,- делінген Кремль берген ақпаратта.
Ресми хабарламада бір сөйлем мен шағын видеодан басқа ақпарат жоқ.
Соңғы рет Назарбаев пен Путин осы жылдың мамыр айының 29-да кездескен. Ол кезде де кездесу Кремльде өткен. Бір қызығы, сол кездесу туралы да толымды ақпарат айтылмады. Тек, Ресей президенті баспасөз қызметінің телеграмм арнасында екеуара кездесіп, амандасып жатқан шағын видео ғана пайда болды.
