Сот-сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген гашиш есірткі затының жалпы салмағы 16 келіден асты, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Polisia.kz сайтының жазуынша, Ішкі істер министрлігінің үйлестіруімен Алматы қаласының полиция қызметкерлері каннабис тобына жататын есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысқан өңіраралық қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкерелеген.
Алматы және Астана қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары нәтижесінде бірнеше тұлға ұсталды.
Тінту және тексеру барысында есірткі заттары, ақшалай қаражат тәркіленіп, тыйым салынған заттарды сақтауға арналған жасырын орындар анықталды. Сот-сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген гашиш есірткі затының жалпы салмағы 16 келіден асты, бұл аса ірі мөлшер санатына жатады.
–Мұндай қылмыстар қоғамдық қауіпсіздікке елеулі қатер төндіреді. Сондықтан полиция үшін тасымалдаудан бастап өткізуді қоса алғанда, бүкіл қылмыстық тізбекті анықтау және жолын кесу басым міндет болып қала береді. Бұл бағыттағы бақылау жүйелі түрде күшейтіліп, жұмыс жалғасын табады, – деп атап өтті Алматы қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Дереккөздің жазуынша, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
