Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Жамбыл облысының «Айша-бибі» өткізу пунктінде ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде «999» таңбасы болды.
Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин — 0,999 кг, апиын — 3,620 кг және гашиш — 25,949 кг.
Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде,-делінген ведомство берген ақпаратта.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Фото: дереккөзден
