Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазгидромет» РМК еліміздің басым бөлігінде ауа райының жайсыздығына қатысты дауылды ескерту жариялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Астанада күндіз қар, жаяу бұрқасын. Күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз екпіні 15-20 м/с.жел соғады. Алматыда кей уақыттарда көктайғақ, тұман түседі. Шымкентте де кей уақыттарда тұман болады.
Ақмола облысында түнде аймақтың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 25 м/с.
Түнге қарай Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі, күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. жел соғады.
Солтүстік Қазақстанда да түнде батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Түркістан облысының таулы аудандарда көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. дейін барады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында түнге қарай қар, жаяу бұрқасын. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Бблыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Желдің екпіні 15-20 м/с.
ТүндеАбай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с.дейін жел соғады.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болып, тұман түседі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. дейін жел.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын болжанып отыр.
Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. жел соғады,
Ақтөбе облысында да көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі.Қызылорда облысының орталығында да тұман.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Облыстың батысында, орталығында тұман түседі.
Фото: Ашық дереккөзден.
