Ұшақ салонында төбелес шығарған шетелдіктерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Көліктегі полиция департаменті Алматы-Бангкок рейсінің бортында төбелес шығарған шетелдік екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

«Алматы әуежайында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері екі шетел азаматын Алматы-Бангкок рейсінен алып шықты. Олардың арасындағы дау төбелеске ұласқан. Ұшақ бортындағы бұзақылық үшін қылмыстық іс қозғалды», — делінген   Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта. 

Екеуі уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша құпия болып табылады.

Фото: Almaty News Kaz жариялаған видеодан 

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика