«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.
Шығыс өңірлерде — қалың қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Астанада: кей уақытта қар жауып, жел соғып, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең жел күшейіп, екпіні 15–18 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда: күндіз көктайғақ пен тұман күтіледі. Шымкентте: кей уақытта тұман болады.
17 желтоқсанда күннің соңында Түркістан облысының таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, кей уақытта қатты қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында көктайғақ сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Түнге қарай Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында түнге қарай батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі.
Түнде және таңертең Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
