Министр Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты қозғалған қылмыстық іске пікір білдірді

Вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізге танымал Orda.kz пен ҚазТАГ агенттігіне  қарсы қозғалған қылмыстық істерге қатысты өз пікірін жариялады, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.  

Ведомство басшысы өз сөзінде екі басылымға қатысты жүріп жатқан істерді министрлік өз тарапынан баұлап отырғандығын жеткізді.

Құрметті әріптестер!
Бүгінде Қазақстанның медиа кеңістігінде бірнеше сот процесі өтуіне байланысты талқы жүріп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр.
Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек.
Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты.
Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін.
Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз.
Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін.
Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын, – деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.   

Айта кетейік шамалы уақыт бұрын ақпарат айдынында Orda.kz сайтының Бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалып, басылым басшысы үйқамаққа алынғаны туралы ақпарат пайда болған.

8-желтоқсанда ҚазТАГ агенттігінің басшысы – Әсет Матаев пен бас редактор Әмір Қасеновке қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика