WBO Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын тергеуді бастады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг қолданды, деген ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

WBO бүгін Ерікті допингке қарсы қауымдастықтан (VADA) WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымсыз талдау қорытындысы туралы ресми хабарлама алғанын растайды. Бұл қорытынды оның 6 желтоқсан сенбі күні өтетін Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегінің алдында VADA тестілеу хаттамасымен өткізілген. WBO ережелері мен талаптарына сәйкес және адалдыққа, спортшылардың қауіпсіздігіне және әділ бәсекелестікке деген міндеттемемізге сай WBO ішкі тергеу процесін бастайды, — деп хабарлады WBO-ның өкілдері.   

Сонымен қатар, Әлімханұлы мен оның өкілдеріне толық құқықтар, тиісті рәсімдер және барлық қажетті ақпаратты, түсініктемелер мен құжаттарды ұсыну мүмкіндігін беретін құжаттар пакеті жіберілетінін де атап өтті.

Айта кету керек, Әлімханұлы мен Лара арасындағы болмай қалған жекпе-жек Астана уақыты бойынша 7 желтоқсанда таңертең өтуі керек болатын.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика