Өскемендік полицейлер көмекке мұхтаж жүкті әйелге көмек көрсетті

Өскеменде қаласындағы Тоғас көшесінде патрульдік экипажға ер адам келіп, жұбайының толғағы басталғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Қызметте жүрген қос полицей өтінішке қарай бірден іске кіріскен.

Аға лейтенанттар Санжар Әскербеков пен Саят Ғазезов дереу әрекет етіп, көлік қозғалысын бақылап, отбасының қауіпсіз әрі жылдам медициналық мекемеге жетуіне жағдай жасады.
✔️

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының арқасында отбасы еш кедергісіз перзентханаға жеткізіліп, жүкті әйел дәрігерлерге тапсырылды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика