Гонконгтағы тұрғын үй өртінен қайтыс болғандар саны 94 адамға жетті

Гонконгтың солтүстігіндегі Wang Fuk Court тұрғын кешенінде шыққан ірі өрт салдарынан 94 адам қаза тапты, тағы жүздеген тұрғын хабар-ошарсыз деп танылды. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеген, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

ВВС-дің жазуынша, қайтыс болғандардың қатарында бір өрт сөндіруші бар. 76 адам жарақат алған, құтқару және іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Гонконг полициясы өртке байланысты үш адамды абайсызда кісі өлтіру фактісі бойынша ұстаған. Тергеу жалғасуда.

Сегіз корпустан тұратын тұрғын кешеннің жетеуін шарпыған қызыл жалынды сөндіруге 700-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған. Өрттің нақты себебі белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде тұтанған.

Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Ли 279 адамның із-түзсіз жоғалғанын жариялаған, кейін өрт сөндірушілер олардың біразымен байланыс орнатқаны хабарланды. 900-ден астам тұрғын уақытша эвакуациялық орталықтарға жеткізілді.

Wang Fuk Court тұрғын үй кешені 1983 жылы салынған, сегіз блоктан тұрады. Барлығы 1984 пәтер бар. 2021 жылғы санақ бойынша, мұнда шамамен 4600 тұрғын өмір сүрген. Гонконгтың тұрғын үйлері әдетте тым тығыз салынатындықтан, бір ғимараттағы өрт бірнеше блокқа бірден таралуы мүмкін.

Фото: AFP via Getty Images

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика