«Әулет қағидалары бар»: Света Айтбаева келінін қалай ұстайтынын айтты (ВИДЕО)

Фото: instagram / sveta_aitbaeva73

Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света айтбаева болашақ келініне қояр талаптарымен бөлісті, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

Бұл туралы «Жібек жолы» телеарнасының «Бүгін.live» бағдарламасында берген сұхбатында айтты. Ол ұлының таңдауына араласпайтынын жеткізді.

«Кез-келген ата-ананың арманы баласын аяқтандыру. Сәті түскен бір күні болар. Әзірге Димаш білесіздер концерттері бар жоспарланған жылдың аяғына дейін. Тығыз күнтізбемен қарбалас болып, ары-бері жүгіріп жүр. Маңдайға жазылғаннан асып кете алмайсың дейді ғой. Сол маңдайға жазылған бір жақсылығы бар деп сенеміз. Талап қоймаймын, кім болса да бұйырғаны. Кім болса да құшақ жая қарсы аламыз. Қатаң бір тәртіп қоймаймыз, бірақ жақсы бір кеңестерімізді айтып, өзіміздің әулеттің қағидаларын айтып, өзімізге қарай баулитынымыз рас», — деді Света Айтбаева.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика