Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Айдос Есполовтың ұсталғанын ресми түрде растады. Бұған дейін бірқатар медиа ресурстары “Астана ЭКСПО-2017” компаниясының бұрынғы кеңесшісі Астанада қолға түсті деп хабарлаған еді, деп хабарлайды Jurtmedia порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – деп мәлімдеді комитет.
Бұқаралық ақпарат құралдарында тараған кей мәліметтерге сәйкеc, Айдос Есполов – Асель Исабаеваның туған ағасы. Оны бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің екінші жары деп атап, одан Тауман және Байкен есімді екі ұлы бар екені туралы ақпарат тараған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
