13 адам қаза тапты: Гонконгта көпқабатты тұрғын үй кешені жанып кетті (ВИДЕО)

Гонконгтағы көпқабатты тұрғын үйде алапат өрт болып, кемінде 13 адамның өмірін жалмады. Кейбір ақпарат көздері төтенше жағдайдан 28 адам зардап шеккенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

ABC News хабарлауынша, оқыс оқиға Гонконгтағы Тай По ауданында болған. Тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан кемінде 13 адам қаза тауып, 20-дан астам тұрғын зардап шекті.

«Бүгін Тай Подағы «Ван Фук» ғимаратында өрт болды. Алдымен өрт қаупінің үшінші деңгейі, кейін төртінші деңгейі жарияланды», — делінген Гонконг үкіметінің мәлімдемесінде.

Алайда біраз уақыт өткен соң, өрт сөндірушілер өрттің бесінші деңгейін жариялады.

«Кемінде 13 адам қаза тапты. Тағы 28 адам жарақат алды. Олардың көбісі жергілікті екі ауруханаға жеткізілді», — деді құтқарушылар.

Айта кетерлігі, өрт толығымен сөндірілмеген соң, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің саны туралы ақпарат өзгеріп жатыр.

Желіде оқиға орнынан видеолар тарап, көпшіліктің үрейін тудырды. Оқырмандар Гонконг халқы үшін алаңдаушылық білдіруде.

Басылым ақпаратынша, тұрғын үй кешенінің тұрғындары уақытша спорт орталығына орналастырылды.

Фото: Видеодан кадр: x.com/volcaholic1

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика