Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында жеке өміріне қатысты біраз сұраққа ашық жауап берді, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.
Оның сөзінше, әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбеттен туылған балалалары бүгінде Дәуреннің ата-анасының қолында.
«Ақботадан туылған екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әркез сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Нағыз туған-туыстың махаббатын сезе алмайды. Менің анам үш баламды да тәрбиелеген. Ақбота екеуміз басымызды қосып, сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрсын дедік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сол кебепті үнемі араласып отырады. Ол жағынан ешқандай мәселе жоқ», — деді актер.
«Ақботаны қор қылды ғой. Димаштың өзі ғашық еді Ақботаға», «Балаларын үлкен кісілерге бақтырып қойғаны дұрыс болмапты», «Қиындықтың бәрін ата-әжесі көріп жатыр де», «Балаларды тірі жетім етіп», деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.
