Атырауда екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелесті (ВИДЕО)

Атырау облысында жолға таласқан екі жүргізуші көшенің қақ ортасында төбелесіп, елге масқара болды, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы. 

Жағымсыз оқиға қаладағы М.Баймұханов көшесі бойында болған. Hyundai маркалы автокөліктің 2001 жылы туған жүргізушісі мен Toyota автокөлігінің 1987 жылы туған жүргізушісі арасында бір-біріне жол бермеу фактісі бойынша келіспеушілік туындаған. Нәтижесінде 2001 жылы туған азамат 1987 жылы туған азаматтың қолын жарақаттаған.  

Желідегі мәліметке сүйенсек, жүргізушінің бірі екіншісіне пышақ ала жүгірген. Алайда облыстық Полиция департаменті бұл мәліметті жоққа шығарып, темірмен ұрғанын мәлімдеді.

2001 жылы туған жүргізуші №2 қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобына жеткізілген. Сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару және міндетті сақтандыру шартын жасамауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика