«3 мыңға зарламай, барып қолдаңдар!»: Белгілі коуч Мөлдір Мұқанның киносын көруге шақырды

Белгілі коуч, психолог Құралай ханым Серікқызы Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары Мөлдір Мұқанға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Jurtmedia порталы.

Ол Мөлдірдің жақында шыққан фильмін сынап жатқандарға жауап қайтарды.

Мөлдірдің киносынан шықтым. Сынап жатқандарға айтарым: Индияның басы қылтылдаған Анандиін, дыш-дыш етіп ұрғанда өтірік өліп жататын кадрлар көргенде неге өстіп сынамағансыңдар?! Қай Қазақ болмасын тыпырлап шамасы жеткенше еңбектеніп жатқанын көру маған мақтаныш. Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар 3 000 теңгеге зарламай, барып қолдаңдар Мөлдірді!, — деп жазды ол.

Коллаж: Видеодан алынған кадр

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика