«Үлкен адамдардың қатысы бар»: Өмірзақ Шүкеевтің қарындасы қол астындағы қызметкерлерді қудалаған

— Мен қазынашылық департаментінде жетекші маман әрі бөлім басшысы болдым. Қызметім жоғарылаған күннен бастап Шүкеева Ләззат Исаевна маған түрлі қысым көрсете бастады. Заңға қайшы әрекеттерге көз жұмуымды талап етті. Мен бұл әрекеттерге келіспедім, бюджет қаражаты бұзылмауы үшін күрестім. Бірақ соңы менің жұмысымнан қуылуыма алып келді, — дейді Рахымбаева.

Оның айтуынша, алдымен оған заңсыз сөгіс беріліп, кейін лауазымынан төмендетілген. Прокуратура бұл қысымның заңсыз екенін растағанымен, мәселе оң шешімін таппаған. Қызметкердің айтуынша, өзі бастан өткерген қудалау алдын ала ұйымдастырылған жоспарлы әрекетке ұқсайды.

— Мен істің кассациялық сотқа дейін жетуін талап етемін. Бас прокурордың жеке бақылауына алынғанын қалаймын. Бұл оқиғаға «үлкен» адамдардың қатысы бар екені анық байқалады, оған дәлел болатын айғақтар жеткілікті, — дейді ол.

Загила Рахымбаева бірнеше жыл бойы өзіне қатысты әділетсіздіктермен күресіп келе жатқанын айтып, мемлекеттік органдардан түбегейлі шешім күтетінін жеткізді.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика