Елордадағы ойын-сауық орталығында азот оксиді заңсыз сатылғаны анықталды

Азот оксидін немесе«көңілді газ»деп аталатын затты  қолдану қоғамда барған сайын алаңдаушылық туғызуда, деп хабарлайды Jurtmedia ақпараттық-сараптамалық порталы.

Азот оксиді есірткі емес, бірақ ол адам өмірі мен денсаулығына зиянды күшті әсер ететін заттарға жатады.

Көбінесе бұл затты қолдану арқылы азаматтар ары қарай есірткі қолдануға әуестене бастайды.  Заңға сәйкес, елде  Азот оксидін сату үшін тиісті лицензия қажет.

Елордалық прокуратура органдары есірткінің таралуы мен қолданылуының алдын-алуға бағытталған шаралар кешенін іске асыру кезінде  қаладағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде қажетті лицензиясыз келушілерге «Көңілді газды» еркін таратқанын анықтады. Нәтижесінде аталған мекеменің меншік иесіӘкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналым саласын бұзу).

Азот оксидін заңсыз таратқан мекеме қызметін бір айға тоқтата отырып, 200 АЕК      көлемінде айыппұл салынды.

Тексеріс кезінде 3 баллон азот оксиді жойылды.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика