Мұндай қадам мереке қарсаңында темір жол бағытындағы жолаушылардың шамадан тыс көп болатыны ескеріліп жасалып отыр, -деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Негізінен қосымша вагондар Астана — Алматы, Астана — Шымкент, Ақтөбе — Астана бағыттарына қатынайтын пойыздарға жалғанады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ақпаратынша мереке қарсаңында теміржол билеттерінің бағасы бұрынғыша еш өзгеріссіз сатылады.
Айта кетейік жақында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ швейцариялық Stadler компаниясынан әртүрлі үлгідегі 557 жаңа вагон сатып алу туралы келісім жасасқан болатын. Аталған жаңа вагондар алдағы жылдың қаңтар айынан бастап жолаушыларға қызмет ете бастайды.
Компания өкілдері, жаңа вагондардың іске қосылуы билет бағасына ешқанджай әсер етпейтіндігін жеткізді.
«Жолаушылар үшін жол ақысы бекітілген тариф шегінде сақталады және жаңа вагондардың енгізілуіне байланысты қымбаттамайды», — деп мәлімдеді «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
