Қайғылы оқиға Атырау облысы, Құрманғазы ауданында шенеунік өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды, Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Бұл туралы ze_atyrau парақшасы жазды. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзіне аңшы мылтығынан оқ атқан.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында 36 жастағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы көз жұмды. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзіне аңшы мылтығынан оқ атқан.Марқұм бірнеше жыл бойы мемлекеттік қызметте істеген, әріптестері оның жауапты әрі сабырлы адам болғанын айтады,-деп жазды дереккөз.
Атырау облыстық полиция департаменті оқиға бойынша тергеу басталғанын айтқан.
Фото: Ашық дереккөзден
