Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құрбандарын жүргізуші куәлігін алуға және автокөлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп сендірген,-деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол жәбірленушілерден 1 млн теңгеден астам қаражат алып, өз міндеттемелерін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.
Прокурор сотқа айыпталушының бірнеше рет ауыр санаттағы қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Сот оның кінәсін толық мойындауын және залалды өтегендігін ескере отырып, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді,-делінген Астана прокуратурасы берген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енді.