Абай облысында ораналасқан «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ 2024 жыл бойынша Салық кодексінің талаптарын өрескел бұзғандығы белгілі болды,- деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Мекеме басшылығы заңды бұза отырып, салық жөніндегі мәліметтерді толық көлемде жібермеген. Заң бұзушылық дәйегі Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының тексерісі нәтижесінде анықталған.
Абай облысының прокуратурасы «Семей орманы» орман резерватында 200 млн теңге салықтың толық төленбегенін анықтады.Нәтижесінде бюджетке аталған 200 млн теңгеден астам салық түспей қалған.
Салық кодексіне сәйкес, мемлекеттік орман иелері әр тоқсан сайын төлем жасаушылар мен салық салу нысандары туралы деректерді салық органдарына ұсынуға міндетті,-делінген Абай облысы прокуратурасы берген ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде салықтық берешек толық көлемде өтелді.