Елорадада алдына келген науқастарға мүгедектік рәсімдеуге көмектесемін деп алдап кеткен клиника дәрігеріне қатысты сот үкімі шықы, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.
Алаяқ дәрігер өзінің қызметін жұмыс орнында ұсынған. Алайда оның шын мәнінде мұндай көмек көрсетуге құқығы болмаған. Ол алты бірдей науқастан алдап алған 4 млн теңгеден астам ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған,-делінген Астана қаласы прокуратурасы берген мәліметте.
Прокурор ұсынған дәлелдемелермен айыпталушының кінәсі толық дәлелденді. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығын ескере отырып оған сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын толықтай өндірілді.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: Ашық дереккөзден