Стоматологиялық клиникалардың «иелеріне» іздеу жарияланды

Олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ірі көлемде  заңсыз қаражат шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Jurtmedia.kz ақпараттық-сараптамалық порталы.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше күдікті үш азамат 46 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз иеленген.
🔴Олар; Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т. Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т. Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т. Күдікітілер өздерін бірнеше стоматологиялық клиника иелері ретінде көрсеткен.

Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ-нан заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген. Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген,-делінген ведомство берген ақпаратта.
👨‍⚖️Қолға түскен жағдайда үш күдіктіге де қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылады.Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс қылықтары бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
❗️

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, төмендегі нөмір бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

Соңғы жазбасы

Бізге Жазылыңыз

Яндекс.Метрика